Жуырда № 5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында «Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа Меркі АПБ бастығының орынбасары Е. Түменбаев, аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі ювеналдық полиция тобынан полиция майоры Е. Тупеков қатысты.
Кездесу барысында орган қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, құқықтық жауапкершілік, тәртіп сақтау, сондай-ақ, қоғамда және білім беру ортасында кездесетін буллинг пен кибербуллинг мәселелерін жан-жақты түсіндірді. Мамандар буллингтің түрлері, оның психологиялық әсері мен салдары, сондай-ақ, оның алдын алу жолдары туралы кеңінен мәлімет берді.
Сонымен қатар, мектеп бітіру кештерін білім мекемесінен тыс жерде өткізуге қатаң тыйым салынатындығы, сондай-ақ, түлектерден, олардың ата-аналары мен заңды өкілдерінен қаржы немесе басқа да материалдық құндылықтар жинауға үзілді-кесілді жол берілмейтіндігі, көлік кортеждерінің шығуына қатаң тыйым салынатындығы ескертіліп, оған жол берген жағдайда заң алдындағы жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жиналыс соңында ата-аналарға кәмелетке толмаған балаларын күтіп-бағуға, тәртібіне, психикалық, адамгершілік-рухани дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін жауапкершілікте екендігі туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылды.