Құрылтай

Ақмола облысының цифрландыру тәжірибесі зерделенді

0 4

2026 жылғы 17-19 қараша күндері «Жобалық басқару және цифрландыру орталығы» КММ қызметкерлері Ақмола облысына іссапармен барып, өңірдің цифрландыру саласындағы озық тәжірибесімен және жүзеге асырылып жатқан цифрлық жобаларымен танысты.

Іссапар барысында Smart Aqmola бірыңғай цифрлық платформасының функционалдық мүмкіндіктері таныстырылды. Атап айтқанда, геоақпараттық жүйелер, ауыл шаруашылығы жерлерін ғарыштық түсірілімдер арқылы мониторингтеу, су тасқыны қаупі бар аймақтарды бақылау, дрондар мен бейнебақылау жүйелерін пайдалану бағыттары қарастырылды.

Сонымен қатар, өңірлік көрсеткіштерді талдауға арналған аналитикалық дашбордтар, ақпараттық ресурстардан жаңалықтарды автоматты түрде жинақтау және олардың тональдігін анықтау жүйелері таныстырылды.

Жасанды интеллект технологияларын қолдану тәжірибесі де ерекше назарға алынды. Кездесулерді автоматты түрде транскрипциялау, хаттамалар дайындау, құжаттарды талдау, есептер әзірлеу және презентациялар генерациялау мүмкіндіктері зерделенді.

Ақмола облысының тәжірибесімен алмасу Жамбыл облысының E-Jambyl цифрлық аналитикалық жүйесін жетілдіруге, жаңа цифрлық шешімдерді енгізуге және жасанды интеллект технологияларын мемлекеттік басқару саласында тиімді қолдануға мүмкіндік береді.