Халық көтерген мәселелер талқыланды

0 7

Сейсенбі аудан әкімі Ербол Жиенқұлов Тәтті ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Жиын барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері сараланып, түрлі салаларда атқарылып жатқан жұмыстар мен қол жеткізілген нәтижелер жөнінде ақпарат берді.

Сондай-ақ, ауданда жүзеге асырылып жатқан жобалар мен алдағы кезеңге бел­гіленген міндеттер таныстырылып, ауылдық аумақтарды дамытуға бағытталған бастамалардың маңыздылығы атап өтілді.
Кездесу ашық форматта өтіп, тұрғындар тарапынан бірқатар өзекті мәселелер мен ұсыныстар көтерілді. Аталған мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, оларды шешу бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен іске асырылатыны жеткізді.

Жиын қорытындысы бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, көтерілген мәселелерді тұрақты бақылауда ұстау міндеттеді.