Қазақстан Орталық Азиядағы суды ең үнемді тұтынатын ел атанды

0 6

Қазақстанда бір адам тәулігіне шамамен 3 397 литр су тұтынады. Бұл – Орталық Азия елдері арасындағы ең төменгі көрсеткіш.

Салыстырмалы түрде алғанда, Қырғызстанда су тұтыну көлемі тәулігіне 4 153 литрді, Тәжікстанда – 4 460 литрді, Өзбекстанда – 4 778 литрді құрайды.

Ал өңірдегі ең жоғары көрсеткіш Түрікменстанда тіркелген. Онда бір адам тәулігіне 15 445 литрге дейін су тұтынады.

Сервис мәліметінше, Түрікменстан жан басына шаққандағы күнделікті су тұтыну көлемі бойынша әлемде бірінші орында тұр.