Жол қауіпсіздігі–басты назарда

0 4

Жуырда М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жолда жүру мәдениетін қалыптастыру мақсатында 6-сынып оқушылары арасында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараға аудандық білім бөлімінің әдіскері Көшербаев Дәулет Арыстанбекұлы, медицина қызметкері Мақпал Баялиева және мектеп инспекторы Арна Маңызқызы қатысып, оқушыларға жол қауіпсіздігі бойынша тиісті ақпараттар берді.

«Жолда болатын жарақаттың алдын алу» тақырыбы бойынша – жол қозғалысы ережелерін сақтау, жаяу жүргіншілердің жолдан қауіпсіз өтуі, бағдаршам талаптарын орындау,
жол бойындағы қауіпсіздік,
қоғамдық көліктегі тәртіп және
жол-көлік оқиғаларының алдын алу және алғашқы көмек көрсету мәселелері түсіндірілді.

Оқушылар мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.

 Жол ережесін сақтау – әр адамның міндеті!
Балалардың қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз!