Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды
«Әділет» партиясында «Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы» тақырыбында стратегиялық сессия өтті. Ғылым, білім беру, креативті индустрия, экология және қоғамдық даму салаларының сарапшылары адами капиталды нығайтуға және заманауи құзыреттерді дамытуға бағытталған ұсыныстарын ортаға салды.
⠀
«Әділет» партиясы Саяси Кеңесі Бюросының мүшесі, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы Ләззат Шыңғысбаева адами капиталды дамыту үшін заманауи білім беру жобалары мен өңірлердегі бастамаларды қолдау қажет екенін атап өтті. «Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп ауқымды AI-Sana бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл – заманауи білім алғысы және дамығысы келетін жүз мың қазақстандық азаматты даярлауға арналған бағдарлама. Біз өңір тұрғындарының қандай шығармашылық жобаларды жүзеге асырғысы келетінін және оған қандай инфрақұрылым қажет екенін анықтаймыз», – деді Ләззат Шыңғысбаева. Мемлекет тарихы институтының директоры Нұрбек Пұсырманов елдің ұзақ мерзімді дамуын қоғамдық институттардың сапасымен, заң үстемдігімен және тарихи жадының сақталуымен байланыстырды. Оның пікірінше, азаматтық жауапкершілікті нығайту барысы ғылым, білім беру және мәдениет салаларын дамыту ісімен қатар жүруге тиіс. Сондай-ақ жастар қауымының бастамаларын, білім беру саласын, креативті экономиканы және медиаортаны дамыту мәселелеріне де баса назар аударылды. Сарапшылар жауапты қоғам қалыптастырудың негізгі элементтері ретінде жаңа экономикаға қажет кадрлар даярлау, креативті индустрияға қолдау көрсету, кітап оқу мәдениетін, медиасауаттылықты және қоғамдық диалогты дамыту мәселелерін талқылады. Тағы бір маңызды тақырып – экологиялық мәдениет.
⠀
Қатысушылар экологиялық мониторинг жүргізу жұмысын цифрландыру, қалдықтарды қайта өңдеу ісін дамыту, экологиялық деректердің ашықтығын арттыру және шешім қабылдау барысында ғылыми әзірлемелерді кеңінен пайдалану мәселелері бойынша өз ұсыныстарымен бөлісті.
⠀
Стратегиялық сессия қорытындысы бойынша қатысушылар барлық ұсынысты жинақтап, оларды алдағы уақытта жан-жақты қарауға және партияның сараптамалық жұмысы барысында пайдалануға уағдаласты.
⠀
Партияның қызметі туралы қосымша жаңалықтарды ресми Telegram арнамыздан оқи аласыздар: https://t.me/adilet_partiyasy