Белгілі қоғам қайраткері Нұртөре Жүсіп «Кітап оқып жетістікке жеткен адамды көрсетіңізші?» деген сұраққа жарқын мысал деп Қасым-Жомарт Тоқаевты атады. Ол жазушының отбасында тәрбиеленіп өсті. Көп оқып, білімге ерекше көңіл бөлді.
Соның нәтижесінде бүгінде қытайлармен қытай тілінде, ағылшындармен ағылшын тілінде, француздармен француз тілінде, көрші елдердің басшыларымен орыс тілінде еркін сөйлесе алатын дипломат. Кітап оқу адамды бір күнде өзгертпейді. Бірақ күн сайын оқылған кітап ой-өрісті кеңейтіп, тіл байлығын арттырып, үлкен жетістіктерге бастайды.