Құрылтай

«Елігай» балалар хоры халықаралық фестивальде алтын жүлде иеленді

0 9

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Байқау қорытындысы бойынша өнерпаздар «Хор ұжымы» аталымында ең жоғары ұпай жинап, Gold Award марапатына ие болды. Хордың көркемдік жетекшісі әрі дирижері – Әсем Есенова.

Жас өнерпаздар кәсіби шеберлігін танытып, шығармаларды әсерлі жеткізу мәнерімен ерекшеленді. Орындаушыларға Австралия, Италия, Германия, Беларусь, Қытай, Таиланд, Қазақстан және өзге де елдердің белгілі дирижерлері, композиторлары мен педагогтерден құралған халықаралық қазылар алқасы баға берді.

Фестиваль 2026 жылғы 12-17 шілде аралығында өтіп, оған әлемнің оннан астам елінен келген хор ұжымдары мен музыка саласының мамандары жиналды.