Андас батыр ауылының тұрғыны, Жанбүбі Ахметова анамыз биыл 105-ші көктемін қарсы алуда.
Ғасырдан аса уақыт ғұмыр кешкен кейуананың өмірі өнеге, тағдыры тағылым. Өткен ғасырдың басында өмір есігін ашқан Жанбүбі анамыз талай қиын кездерді бастан өткізді. Түрлі кезеңнің қиындығы мен жақсылығын көрген анамыз бүгінгі бейбіт күннің тыныштығы мен берекесін тілейді.
Анамыз бүгінде 4 ұл, 4 қызынан тараған 25 немере, 23 шөбере, 7 шөпшек сүйіп, тұтас әулетке сая болған алып бәйтерек секілді.
Халықаралық Әйелдер мерекесіне орай, аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Арғымбаев Қайрат Рахымбайұлы Жанбүбі анамызды мерекемен арнайы барып құттықтап, мерекелік сыйлықтарын тарту етті.
Қайрат Рахымбайұлы анамызға жылы лебізін білдіріп, аудан әкімі Жорабек Нұрмергенұлының құттықтауын жеткізді.