Алғыс айту мерекесі – халқымыздың ежелден жалғасып келе жатқан ұлттық құндылықтарына негізделген мереке.
Аудандық мәдениет үйінде «Мың алғыс, барша қауымға!» атты салтанатты шара өтіп, онда өзге ұлт өкілдері өздерінің салт-дәстүрлерін паш етсе, аудандық өнерпаздар көпшілік назарына концерттік бағдарлама ұсынды.
Мерекелік кеште аудан әкімі көпшілікті Алғыс айту күнімен құттықтап, мерекелік лебіздерін жеткізді. Меркі ауданының дамуына, жергілікті жерде қоғамдық келісімді нығайтуға белсене атсалысып жүрген бірқатар азаматтарды марапаттады.
Сондай-ақ Меркі жерінен түлеген Намазалы Омашев, Бағдат Самединова сынды белгілі тұлғалар жерлестеріне деген құттықтауларын үлкен экран арқылы жолдады.
Концерттік бағдарламада халықтар достығы мен ұлттық мәдениетімізді дәріптейтін әндер мен билер орындалды.