Аудан әкімі Баубеков Жорабек Нұрмергенұлының төрағалығымен аудандық аппарат кеңесі өтті.
Аудан әкімі алдымен облыс әкімінің ауданға іссапары кезінде берген тапсырмаларын орындау бойынша жауапты басшыларға нақты міндеттер жүктеді.
Кеңестің күн тәртібінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жеке оңалту бағдарламаларының 2023 жылғы орындалуы мен 2024 жылғы жоспары қаралды.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы Тоғжан Тұрсыналының айтуынша, аталған бағдарлама аясында жоспар 99,9 пайызға орындалған.
Аудандық оңалту және бейімдеу орталығының директоры Клара Ракаева баяндама жасап, мекеме тарапынан атқарылып жатқан оңалту шаралары жайында айтты. Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, өткен жылы аудандық мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту және бейімдеу орталығына 49 бала жіберілсе, 2024 жылы 2 адам жолданған.
Аудан әкімі оңалту бағдарламаларымен қамтылған балаларға толық талдау жасауды, оңалту және түзету мекемелерінің сыйымдылығын арттыру мүмкіндіктерін қарастыру бойынша жауаптыларға тапсырмалар берді.
Сонымен қатар аудандағы санитарлық-эпидемиологиялық жұмыстардың 2023 жылғы қорытындылары мен ағымдағы жұмыстары қаралды. Жорабек Нұрмергенұлы барлық вирустық ауруларға қатысты екпе жұмыстарына талдау жасап, жоспарлы екпе егу жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ екпе егудің пайдасы туралы ақпарaттық түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын атап өтті.