Аудан әкімі Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады.
Қабылдауда тұрғындар жер, тұрғын үй, әлеуметтік көмек, азаматтық алу, жұмысқа орналасу сынды бірқатар сауалдармен қайырылды.
Аудан әкімі азаматтардың мәселелері бойынша, заң аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жауапты тұлғаларға тапсырма берді.