ӨҢІРЛІК КАДР РЕЗЕРВІНІҢ ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

0 24

Биыл 1-наурыздан бастап, еліміздің барлық өңірінде, республикалық маңызы бар қалаларда және Астанада өңірлік кадрлық резервтерге іріктеу басталады.

Осыған орай, Меркі ауданы әкімдігінде Жамбыл облысындағы Өңірлік кадр резерві бойынша жиын өтті.

Онда ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы – Смағұлова Гүлназ Шыңғысқызы ЗУМ арқылы (онлайн форматта) түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жиынға жас мемлекеттік және келісімшарт бойынша жұмыс атқаратын қызметшілер, білім, денсаулық сақтау, мәдениет салалары мен квазимемлекеттік сектор, үкіметтік емес ұйымдар, этно-мәдени орталықтар қызметкерлері қатысты.

Жобаның мақсаты – жас басқарушылардың өңірлік пулдарын қалыптастыру және өңірлерді дамытуға талантты жастарды тарту болып табылады.

Іріктеуді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың Кадр комиссиясы жүзеге асырады.

Өңірлік резервке алынған жастар сайланатын лауазымдарды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдарда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналаса алады

Іріктеуге: 35 жастан аспаған, жоғары білімді жəне 3 жылдан кем емес еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады:

Іріктеу келесі бағыттар аясында жүзеге асырылатын болады :
1) индустрия және өнеркәсіп;
2) экономика және қаржы;
3) әлеуметтік сала;
4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым;
5) агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары;
6) цифрландыру;
7) экология.