Тазалық – ауыл көркі

0 7

Жуырда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Аспара ауылдық округінде сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. 

Сенбілік барысында ауыл аумағы тазартылып, қоғамдық орындар мен көшелердің тазалығына ерекше көңіл бөлінді. Тазалық жұмыстарына ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері және кәсіпкерлер белсенді қатысып, қоршаған ортаны таза ұстауға өз үлестерін қосты.

Акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, ауылдың санитарлық тазалығын сақтау және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Тазалық – ортақ міндет, туған жерге деген жанашырлықтың көрінісі!