«Асыл мұраға» – үлкен қолдау

0 5

«Асыл мұра» этнофольклорлық ансамблі – ұлттық өнерімізді ұлықтап, салт-дәстүрімізді дәріптеп жүрген өнерлі апаларымыздың басын біріктірген ерекше шығармашылық ұжым.

Қазақтың төл өнерін насихаттап, ұлттық құндылықтарымызды кейінгі ұрпаққа жеткізу жолында еңбек етіп жүрген ансамбль мүшелеріне қолдау білдіріп, демеушілік танытқан Меркі аудандық мәслихатының депутаты Құрманалиев Айдосхан Өсерұлына зор алғысымызды білдіреміз!

Айдосхан Өсерұлы «Асыл мұра» ансамблінің өнерпаз апаларына арнайы ұлттық нақышта тіктірілген 20 камзолды сыйға тартты. Бұл – ұлттық өнерге деген құрметтің, ел мәдениетіне жанашырлықтың және үлкенге көрсетілген ізеттің жарқын үлгісі.

Осындай игі бастамалар ұлттық өнеріміздің өркендеуіне жол ашып, дәстүріміздің дәріптелуіне үлкен серпін береді.

«Асыл мұра» ансамблінің өнері өрге жүзіп, шығармашылықтары шалқып, ұлттық мұрамыз ұрпақтан-ұрпаққа аманат болып жалғаса берсін!

Ұлттық өнерді қолдау – ұлт рухын қолдау!

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы