Ауылдық округтердегі тазалық жұмыстары бақылауда

0 3

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Ғазиз Байарыстан ауылдық округтерді аралап, елді мекендердегі санитарлық тазалық пен абаттандыру жұмыстарының барысын тексерді.

Аралау барысында алдымен Сұрат ауылдық округі, кейін Ақарал ауылдық округі, одан соң Сарымолдаев ауылдық округі қамтылды.

Ауылдарды аралау кезінде көшелердің, жол жиектерінің, қоғамдық орындардың, балалар ойын алаңдарының және әлеуметтік нысандар аумақтарының тазалығы назарға алынды.

Анықталған кемшіліктер бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар беріліп, ауыл аумақтарын тазалау, ретке келтіру және абаттандыру жұмыстарын күшейту тапсырылды.

Белгіленген жұмыстардың орындалу барысы екі күннен кейін қайта тексеріледі. Жауапты мекемелер мен ауылдық округ әкімдеріне тапсырмаларды сапалы әрі уақытылы орындау міндеттелді.

Тазалық пен абаттандыру жұмыстары тұрақты бақылауда болады.