Референдум 15 марта

«Анти-Хейт»: жаңа Конституция жобасы төңірегіндегі сын-пікірлерді талқылаймыз Бағдарлама қонағы — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов.

0 10

«Анти-Хейт» — жаңа Конституция жобасына қатысты қоғамда талқыланып жатқан резонансты жарияланымдар, жазбалар мен пікірлерді байыппен, нақты деректерге сүйене отырып талдайтын жоба. Оның мақсаты — фактілерді манипуляциядан, жаңсақ пікірлер мен жалған ақпараттан ажыратып, күрделі мәселелерді қарапайым әрі түсінікті тілмен жеткізу.

Подкаст барысында әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, қызу талқыға түскен тақырыптар көтеріліп, жаңа Конституция жобасы төңірегіндегі негізгі мәселелер сараланады.

Бағдарлама қонағы — ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов. Онымен бірге сын айтушылардың негізгі уәждерін талдап, жаңа Конституция жобасында нақты қандай өзгерістер ұсынылып отырғанын түсіндіреміз.

Подкастқа сілтеме:
https://youtu.be/500gA0TyCvA