Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

0 47

2025 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша 217 азамат жұмыспен қамтылды. Оның ішінде, «Бастау бизнес» жобасы бойынша – 8 жас, тұрақты жұмыс орындарына – 60 жас, әлеуметтік жұмыс орнына – 15 жас, жастар практикасына – 21 жас, қоғамдық ақылы жұмыс орнына – 113 жас жұмыспен қамтылды.

Қазіргі еңбек нарығында сұраныс пен ұсыныстың тиімді ұштасуы аса маңызды. Аталған жәрмеңке жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерді байланыстыратын көпір. Осы орайда, бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер арасында тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік беретін маңызды алаң болып табылады. Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі – жұмыс іздеп жүрген азаматтарға, студенттер мен түлектерге, сондай-ақ, мамандарға өздерін көрсетуге және түрлі компаниялармен тікелей танысуға жағдай жасайтын іс-шара. Бұл жәрмеңкелер, көбінесе, білім беру мекемелерінде, мәдени орталықтарда немесе арнайы көрме алаңдарында ұйымдастырылады. Жәрмеңкеге әртүрлі салада қызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдар қатысады. Олар өз мекемелері туралы ақпарат беріп, ашық вакансияларын ұсынады, ал, қатысушылар өз түйіндемелерін тапсырып, кейде сол жерде қысқаша әңгімелесуден өту мүмкіндігіне ие болады. Бұл екі жақ үшін де өте тиімді. Әркім өздері қалайтын жұмыс табады. Мұндай іс-шаралар жастарды жұмысқа бейімдеуге, кәсіби бағыт-бағдар беруге, еңбек нарығы туралы түсінігін кеңейтуде үлкен рөл атқарады.
«Жұмысшы мамандықтары жылына» орай «Бүгінгі қадам – ертеңгі табыс» жобасы аясында ауданымыздың «ММ-Меркі» ойын-сауық орталығында 2025 жылдың 11-сәуірі күні «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өткізілді.

Жәрмеңке барысында 80-ге жуық адам қатысып, 30-дан аса бос жұмыс орындарына «Отбасы Банк» АО, «Меркі аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы» КММ, «Меркі ауданының білім бөлімі» ММ, «Жастар ресурстық орталығы» КММ, «Меркі қант зауыты», «Меркі ірімшік зауыты» ЖШС өздерінің вакансияларын ұсынды.

Осы ұсынылған бос жұмыстар бойынша жәрмеңке барысында 6-ға жуық азамат тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді. Нақтырақ тоқтала кететін болсақ: «Меркі ірімшік зауыты» ЖШС-не – 3 азамат, «Меркі қант зауытына» – 2 азамат, «Мейірім Меркі сауықтыру орталығы» ЖШС-не – 1 азамат.

Қорыта айтқанда, бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі – бұл тек жұмыс табудың ғана емес, өзіңді таныстырудың, жаңа байланыстар орнатудың, әрі кәсіби дамуға бағыт алудың тиімді жолы.