Республикалық референдумның қорытындысы бойынша кеңейтілген кеңес өтті. Онда референдумды ұйымдастыру және өткізу шаралары қаралды.
Кеңейтілген кеңеске аудан әкімінің орынбасары М.Өмірбек, Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы С.Айдапкелов, аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Ш.Абылқасымов, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, жергілікті қауымдастық пен ардагерлер кеңесінің төрағалары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және аумақтық, округтік, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.
Күн тәртібінде Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы С.Айдапкелов, аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Ш.Абылқасымов республикалық референдум қорытындысы бойынша баяндама жасады.
Сондай-ақ, референдумды ұйымдастыру және өткізу науқанында белсенділік танытқан бірқатар азаматтар облыс әкімінің, аудан әкімінің, ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының, Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы төрағасының Алғыс хаттарымен марапатталды.