Дала өртіне қарсы оқу жаттығу өткізілді

0 24

Жаз айларында табиғи және дала өртінің қауіпі арта түседі. Осыған орай, дала өртіне жол бермеу, оның алдын алу және дер кезінде сөндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында, «Өрт – 2024» республикалық командалық-штабтық оқу-тәжірбиелік жаттығуы өткізілді.

Тактикалық оқу-жаттығуға аудан әкімінің орынбасары Қайрат Рахымбайұлы, №9 өрт сөндіру бөлімі, орман шаруашылығы, ау­дандық электр желісі, жол пайдалану бөлімі, медицина қызмет­керлері және ауылдық округтердің еріктілер жасағы қатысты. Шара барысында азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен техникаларының, шұғыл әрекет ету топтары іс-қимылдарының дайындығы тәжірибе жүзінде пысықталды. Жалпы оқу-жаттығу жұмыстарына 98 адам және 22 техника жұмылдырылды.
Жаттығу барысында аудан әкімінің орынбасарына өрттің алдын алу бойынша дайындық сөмкелері мен құрал-жабдықтар, техникалар көрсетілді.

Оқу-тактикалық жаттығуда арнайы жасақтар өрттің тарап кетпеуінің алдын алды. Сонымен қатар, жедел-жәрдем қызметінің мамандары шартты түрде өрттен зардап шеккен азаматтарға алғашқы медициналық көмек көрсетті.