Есте қалар кездесу

0 21

19-сәуірде Тараз қаласында аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Байсейіт Жылысбаев, аудандық іскер әйелдер қоғамдастығының төрайымы Әлия Әубәкірова, аудандық ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері бастаған және ауылдық округтердің Аналар кеңесінің төрайымдары мен аудандық көпбалалы аналардың қатысуымен «Аялы әже» форумы болып өтті.

Форумның мақсаты: Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп жүрген аудан аналары мен көп балалы аналардың ісін өзгелерге үлгі ете отырып, олардың еңбектерін бағалау, аналардың алда атқарар жұмыстарын жоспарлау, Үндеу қабылдау, Түркістан облысының аналарынан қабылдап алған аналар ісінің жалғасын Алматы облысына жолдау.

Іс-шара көне Тараз қаласымен танысу, мұражайды аралау және «Анаға тағзым» ескерткішіне тағзым етумен басталып, облыстық Ж.Баласағұн атындағы мәдениет үйінде жалғасын тапты.

Аталмыш форумда қазақы салт-дәстүрімізге сай кимішекті жарастыра ұлттық қиімдерімен ақ шағаладай киінген көптеген аналар, соның ішінде, біздің ауданымыздан барған Ойтал ауылдық округінен Күлсағат Айылшиева мен Жаңатоған ауылдық округінен Бақыт Аманжолова сынды аналар «Облысқа сіңірген еңбегі» үшін медалімен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.
Меркі ауылдық округінің Аналар кеңесінің төрайымы Роза Байбосынова облыстық «Тараз» телеарнасына сұхбат берді.

Өте жоғары дәрежеде өткен іс-шарада тамаша әндер шырқалып, қойылымдар көрсетіліп, есте қаларлық кездесу болды.

Іс-шара соңында облыстық іскер аналардың және әкімдіктің демеу­шілігімен «Гауһартас» мейрам­ха­на­сында форумға қатысушы аналарға ақ дастархан жайылып, құрмет көрсетілді.
Форумға қатысқан барша аналардың ұйымдастырушыларға айтар алғысы шексіз. Форум өте жоғары деңгейде өтті. Керемет әсер алып қайттық.