Меркі ауданында су тасқынының алдын алуға байланысты, төтенше жағдайларға дайындық жұмыстары пысықталды.
Аудан орталығындағы алаңда төтенше жағдай кезінде шұғыл әрекет етуге жауапты мекемелердің қызметкерлері және ауылдық округтердің ерікті жасақтары сапқа тұрғызылып, техникалар мен құрал-жабдықтардың ахуалы тексерілді.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы Бақытхан Әбжапаровқа төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы Равиль Құрбанов техникалар мен қызметкерлердің дайындық деңгейін баяндады.
Жаттығуға барлығы 22 техника мен 79 адам жұмылдырылды. Тексеру нәтижесінде, шұғыл әрекет ету жасақтарының техникалары мен қызметкерлері төтенше жағдайларға дайын екені, қажетті құрал-жабдықтардың жеткілікті екені анықталды.