«Таза өлке» – деп аталатын алғашқы апталықта аудан аумағында тазалық жұмыстары тұрақты түрде ұйымдастырылуда.
Осындай сенбіліктердің бірі бүгін аудан орталығындағы полигон маңайында ұйымдастырылды.
Тазалық жұмыстарына аудан әкімі Жорабек Баубеков бастаған аппарат қызметкерлері, бөлімдер мен мекеме басшылары және қызметкерлері қатысты.
Жорабек Нұрмергенұлы аудан аумағын таза ұстау бәрімізге ортақ міндет екенін айтып, бұл ретте Мемлекет басшысының тапсырмасымен бастау алған акцияның маңызды екенін атап өтті.
Осы орайда, тұрақты түрде сенбіліктер ұйымдастыруды жауапты басшыларға тапсырды.
Сенбілік барысында полигон айналасы шашылған тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, 300 қаптан аса қоқыс жиналды.