Жайдарлы жайдарман

0 22

Жуырда аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен, 1-сәуір – «Күлкі күніне» орай «Жайдарлы жайдарман» атты аудандық маусымашар жайдарман ойыны өткізілді.

Жайдарман ойынына «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары Айтбек Күшікбай, аудандық Мәдениет үйінің дәстүрлі әншісі Мадияр Шалабаев, Оқушылар «Үміт» сарайының педагог-хореографы Гаухар Әбдірахманова, ауданымыздың жас жайдарманшысы Әлішер Сармолдаев пен жас асаба Ерсін Байділдә төрешілік етті.

Маусымашар ойынында «Элегант», «Флеш-рояль», «Екі төрт», «М Billions», «Двадцатка», «Five school» құрама командалары өздерінің өнерлерін көрсетті.

Жалпы нәтиже бойынша «Кеңес жаман емес», «Киелі жандар», «Элегант», «Кенжелер», «Флеш-рояль», «Екі төрт», «М Billions», «Двадцатка», «Five school» командалары финалға жолдама алды. Ал, маусымашардың қорытындысы бойынша «Үздік ойыншы» номинациясымен «Кеңес жаман емес» (Бақытбек Айару) командасы, «Үздік әзіл» номинациясымен «Киелі жандар» командасы және «Үздік команда» номинациясымен «Элегант» командасы марапатталды.