Наурызнама онкүндігіне сәйкес, Меркі ауданында да жоспарлы іс-шаралар өткізілуде.
18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай, аудан орталығында ұлттық киімдер шеруі өтті.
Онда аналар кеңесі, әжелер тобының мүшелері, мәдениет және тағы басқа да сала қызметкерлері ұлттық киімдер киіп келіп, ұлттық киімдеріміздің бар сыр-сымбатын паш етті.
Іс-шараға қатысқан аудан әкімі Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы көпшілікті мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.
Содан соң жиналған көпшілік ұлттық киімдермен ұлттық би – «Қара жорғаны» топ болып биледі.
Ұлттық киім – кез келген халық мәдениетінің ажырамас бөлшегі. Ол жай ғана киім емес, бүтін ұлттың бет-бедерін айқындар ұлан-ғайыр тарих.
Сондықтан, халқымыздың тұтас тарихынан, салт-дәстүрлерінен сыр шертетін ұлттық киімдерді дәріптеудің маңызы зор.