АУДАН ӘКІМІНІҢ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ ТАБЫСТАЛДЫ

0 31

Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Арғымбаев Қайрат Рахымбайұлы қол күресінен ел чемпионы Жарқынай Рахымбаеваны арнайы қабылдап, жеңісімен құттықтады. ⠀

Жарқынай Рахымбаева ақпан айында, Тараз қаласында қол күресінен ардагерлер, мүмкіндігі шектеулі спортшылар, жасөспірімдер, жастар, ересектер арасында өткен ел чемпионатында 65 келі салмақ дәрежесінде алтын жүлдені жеңіп алған еді. ⠀

Қайрат Рахымбайұлы Жарқынайды Қазақстан чемпионатындағы жарқын жеңісімен құттықтап, аудан әкімінің Құрмет грамотасы мен сыйлығын табыстады. Аудан абыройын асқақтатқан Жарқынайдың жеңісі жастар үшін үлгі-өнеге екенін атап өтіп, алдағы ел намысы сынға түсетін додаларда сәттілік тіледі. ⠀

Айта кетейік, Жарқынай Рахымбаева ел біріншілігіндегі жеңісімен сәуір айында Иранда елінде өтетін Азия чемпионатына, қыркүйек айында Молдова мемлекетінде өтетін әлем чемпионатына жолдаманы жеңіп алды. ⠀

Осынау байрақты бәсекелерде Жарқынайдың жеңісті жолы жалғасатынына сенім білдіріп, сәттілік тілейміз!