АУДАН ӘКІМІ «МЕЙІРІМ МЕРКІ» ОРТАЛЫҒЫН ЗЕРДЕЛЕДІ

0 40

Аудан әкімі Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы «Мейірім Меркі» медициналық орталығының жұмысын зерделеді.

Аудан әкімі алдымен медициналық мекеменің диагностикалық орталығында болды. Мұнда негізінен КТ, МРТ және рентген бөлмелері мен жекелеген сала мамандары қызмет көрсетеді.

Ондағы зертханашы маман Айбол Талқанбаевтың айтуынша, КТ, МРТ кабинеттерінде орташа есеппен күніне 35-40 келушіге қызмет көрсетіледі. Олардың арасында көрші Қордай және Рысқұлов аудандарынан да келетін азаматтар бар екен.

Содан соң аудан әкімі медициналық орталықтың дәрігерлік амбулаториясының жұмысымен танысты. Онда учаскелік медбикелердің жұмысымен танысып, медициналық орталыққа тіркелген азаматтардың әлеуметтік статусына назар аударды. Учаскелік медбике Күләш Саниязова азаматтарды медициналық сақтандыру жүйесіне енгізу бойынша қолдау қажеттігін айтты. Жорабек Нұрмергенұлы бұл бағытта жергілікті атқарушы органдар тарапынан қолдау көрстілетінін жеткізді.

«Мейірім Меркі» орталығында окулист, уролог, гинеколог, акушер сияқты жергілікті мамандармен қатар, Тараздан арнайы келетін невропотолог, кардиолог, узи дәрігері сынды тағы басқа да білікті мамандар халыққа қызмет көрсетеді.

Сонымен қатар аудан әкімі пациенттермен сөйлесіп, аталған орталық пен мамандарының қызмет көрсету сапасына қатысты пікірлерін білді.