ОҚУШЫЛАР ЛИЦЕЙ, ГИМНАЗИЯДА ОҚУ ҮШІН ЕМТИХАН ТАПСЫРМАЙДЫ

0 29

Енді балалар лицейлер мен гимназияларға 1 сыныпқа қабылдану үшін емтихан тапсырмайды.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев мәлімдеді.

«Бұл норма дайындық деңгейіне қарамастан балаларды қабылдауға қойылатын шектеулерді алып тастап, негізгі білімді меңгеру үшін тең мүмкіндіктер мен қолжетімділікті қамтамасыз етеді»,- деді Жұмашев.

Төрағаның айтуынша, тестілеуге қатысудан туындайтын психологиялық күйзеліс жойылады. Күйзеліс баланың психоэмоционалды жағдайын нашарлатып, оның денсаулығына теріс әсер етуі мүмкін.Бұл өзгерістер алдағы оқу жылында 1 сыныпқа қабылданған кезде енгізіледі.