2026 жылғы 23 тамызда өтетін Құрылтайға дайындық аясында сайлаушылар тізімін қалыптастыру және нақтылау жұмыстары жалғасуда.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, тұрғылықты жері бойынша тіркелген және белсенді сайлау құқығына ие Қазақстан Республикасының азаматтары сайлаушылар тізіміне енгізіледі.
Уақытша тіркеуде жүрген азаматтар дауыс беретін сайлау учаскесінің тізіміне енгізілу үшін 2026 жылдың 23 шілдесіне дейін жергілікті атқарушы органға өтініш бере алады. Бұл ретте азамат тек бір ғана сайлаушылар тізіміне енгізіледі.
Сондай-ақ, 2026 жылғы 7 тамыздан бастап азаматтарға өздерінің сайлаушылар тізіміне енгізілгені туралы мәліметтерді тексеруге мүмкіндік беріледі. Мұны жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсы немесе колл-орталығы арқылы жүзеге асыруға болады.
Әрбір азаматтың дауыс беру құқығын толыққанды жүзеге асыруы үшін сайлаушылар тізіміндегі мәліметтерді алдын ала нақтылап алғаны маңызды.