Құрылтай

2026 жылғы 23 тамызда өтетін Құрылтай қарсаңында азаматтарға сайлаушылар тізіміне енгізілу тәртібі түсіндірілуде.

0 6

Сайлаушылар тізіміне Қазақстан Республикасының белсенді сайлау құқығына ие және тұрғылықты жері бойынша тіркелген азаматтары енгізіледі.

Сонымен қатар, уақытша тіркеуде жүрген азаматтар да жергілікті атқарушы органға өтініш беру арқылы дауыс беретін сайлау учаскесінің тізіміне енгізіле алады. Өтініш қабылдау мерзімі 2026 жылғы 23 шілдеге дейін жалғасады.

Бұл мүмкіндік:

дауыс беру күні тұрғылықты жерінде болмайтын азаматтарға;
басқа өңірлерде білім алып жүрген студенттерге;
вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Азамат тек бір ғана сайлаушылар тізіміне енгізіледі.

Ал 2026 жылғы 7 тамыздан бастап әрбір азамат өз мәліметтерінің сайлаушылар тізіміне енгізілгенін интернет-ресурс немесе жергілікті атқарушы органның колл-орталығы арқылы тексере алады.

Сайлаушылар тізімін алдын ала нақтылау – сайлау күні өз таңдауыңызды еш кедергісіз жасауға мүмкіндік береді.