Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы – елдің құқықтық жүйесін жаңғыртуға бағытталған тарихи бастама.
Бұл құжатта адам құқықтары мен бостандықтары ең жоғарғы құндылық ретінде бекітіліп, азаматтың мемлекет алдындағы жауапкершілігі айқындалады. Конституция жобасы ұлттық бірегейлікті сақтауға, қазақстандық патриотизмді нығайтуға және қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге арналған идеологиялық тірек ретінде қабылдануы тиіс. Құжатта білім беру, ғылым, мәдениет және жастар тәрбиесі ел дамуының негізгі басымдықтары ретінде белгіленген. Бұл нормалар жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырып, ұлттық құндылықтарға адал, белсенді азамат тәрбиелеуге ықпал етеді. Жаңа Конституция – «Әділетті Қазақстан» қағидатын орнықтыратын, ел тағдырына ортақ жауапкершілікті күшейтетін іргелі құжат.