Конституциялық реформа – елдің саяси дамуының жаңа кезеңін айқындаған маңызды тарихи шешім.

0 9

Конституциялық реформа – елдің саяси дамуының жаңа кезеңін айқындаған маңызды тарихи шешім. Бұл өзгерістер мемлекетті басқару жүйесін жетілдіріп қана қоймай, қоғамның сұранысына жауап беретін ашық әрі әділетті модель қалыптастыруға бағытталды.

Реформа нәтижесінде билік тармақтарының өкілеттіктері қайта қаралып, тепе-теңдік сақталды. Парламенттің ықпалы күшейіп, халық қалаулыларының рөлі артты. Жергілікті басқару жүйесіне де жаңа серпін беріліп, ауыл, аудан, қала деңгейінде шешім қабылдау мүмкіндігі кеңейді.

Сонымен қатар, адам құқықтарын қорғау тетіктері жетілдіріліп, Конституциялық Сот институты енгізілді. Бұл азаматтардың заңды мүдделерін қорғауда нақты әрі тиімді құралға айналды. Реформа «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іс жүзінде жүзеге асыруға негіз қалады.

Оngarbaeva_nuriia