Бұл өзгерістер биліктің ашықтығын арттырып, мемлекеттік шешімдерді қабылдауда халықтың рөлін күшейтуге мүмкіндік береді.
Конституциялық реформа – мемлекеттің даму бағытын айқындайтын, саяси жүйені заман талабына сай жетілдіруге бағытталған стратегиялық қадам. Бұл өзгерістер биліктің ашықтығын арттырып, мемлекеттік шешімдерді қабылдауда халықтың рөлін күшейтуге мүмкіндік береді.
Реформа нәтижесінде Парламенттің және жергілікті мәслихаттардың құзыреті кеңейіп, олардың ел өміріндегі маңызы арта түсті. Бұл өз кезегінде аймақтардың пікірін ескеруге, жергілікті мәселелерді тиімді шешуге жол ашады.
Адам құқықтарын қорғау мәселесіне ерекше назар аударылып, Конституциялық Соттың енгізілуі азаматтардың өз құқықтарын тікелей қорғауына жаңа мүмкіндік берді. Сонымен қатар, бірқатар саяси және құқықтық нормалардың қайта қаралуы қоғамда әділдік пен заң үстемдігін нығайтуға бағытталды.
Совет Аманжанұлы