Қоғамдық кеңес өзекті мәселелерді талқылады

0 30

Жуырда аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынды Қоғамдық кеңес төрағасы Жұмахан Жантелиев жүргізді. Отырыс барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қа­тысты бірқатар маңызды мәселелер кеңінен қаралды.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе – Қоғамдық кеңестің 2026 жылға арналған жылдық жұмыс жоспары болды. Аталған жоспар кеңес мүшелерінің қатысуымен жан-жақты талқыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі бағыттар мен басым міндеттер айқындалды. Талқылау қоры­тындысы бойынша құжат бірауыздан бекітілді.

Отырыс барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз қымбаттауына жол бермеу мәселесіне де ерекше назар аударылды. Осы бағытта аудандағы ірі сауда орындары мен дәріханаларға қоғамдық бақылау жүр­гізіліп, кәсіп­керлермен түсіндірме жұ­мыстары ұйым­дастырылғаны айтылды.

Атап айтқанда, аудан орталығындағы «Оптовка», «Корзина», «Қуаныш», «Ви­ноград», «Алатау», «Әмірлан» сауда ор­талықтары мен «Садыхан», «Әмір Д», «Зер­де», «Абайкүл», «Лесбек», «Наурыз» дәріханаларында мониторинг жұмыстары жүргізілді. Қоғамдық бақылау барысында анықталған кемшіліктер бойынша ау­дандық салық басқармасы мен аудан әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі мамандары тарапынан нақты ұсыныстар берілді.

Сонымен қатар, жиында ауылдық округ әкімдері жанынан құрылған қауым­дастық кеңесінің қызметі де талқыланды. Осы мәселе бойынша Қоғамдық кеңес төрағасы Жұмахан Жантелиев Қазақстан Республикасы «Қоғамдық кеңестер ту­ралы» заңының 6-бабына сәйкес Қо­ғамдық кеңестің функциялары жергілікті қоғамдастық жиналысына жүктелетінін атап өтті. Ол бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да қоғамдық кеңестің тұрақты бақылауында болатынын жеткізді.

Жиын соңында қаралған мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар қабылданып, алдағы жұмыс бағыттары нақтыланды.