Өткен аптада ауданымызда дәстүрлі жыл қорытындысына арналған салтанатты жиын өтті. Шараға аудан әкімі Ербол Жиенқұлов, аудандық мәслихаттың төрағасы Мұратбек Көкрекбаев, мекеме жетекшілері, салалық бөлім басшылары және қоғам өкілдері қатысты.
Жиын барысында Ербол Жиенқұлов ауданның 2025 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне жан-жақты тоқталып, көптеген бағытта өсім мен оң динамика байқалғанын атап өтті. Әкім өз сөзінде аймақтың инфрақұрылым, кәсіпкерлік, білім, денсаулық және әлеуметтік қолдау салаларындағы атқарылған жұмыстарға тоқталып, бірлескен еңбек нәтижесінде межелі жоспарлардың орындалғанын жеткізді.
Салтанатты рәсімнің маңызды бөлігі – мәртебелі марапаттар табыстау болды. Ауданның өркендеуіне үлес қосқан еңбек адамдарын, мемлекеттік қызметшілерді, кәсіпкерлерді және түрлі сала өкілдерін аудан әкімі Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттармен марапаттады. Бұл марапаттар – олардың тынымсыз еңбегі мен жауапкершілігінің лайықты бағасы екені атап өтілді.
Сонымен бірге, аудан аумағындағы бірқатар мекемелерге жаңа жылға арналған әкімнің құттықтау хаттары табыс етіліп, қызметкерлерге алдағы жылда да табысты еңбек тілегі білдірілді. Қатысушылар шарадан жігер алып, жаңа жылды жаңа мақсаттармен қарсы алуға ниет білдірді.