Меркі аудандық аналар кеңесінің орынбасары Роза Байбосынованың және аналар кеңесінің мүшелерінің ұйымдастыруымен «Шабыт» ЖШС мектебінде оқушыларға арналған «Қатыгездік озбырлығы» тақырыбында ауқымды іс-шара болып өтті. Жиында алғы сөзді аналар кеңесінің төрайымы Қайнаркүл Тәттіқұловаға берілді.
Іс-шара барысында, оқушылар «Жалын» және «Жігер» атты екі топ құрып, әр топта үш оқушыдан құралған пікір-сайыс өтті. Атаулы іс-шараның көңілді өтуіне Сарымолдаев ауылдық округінің аналар кеңесінің төрағасы Роза Анафияева және Тәтті ауылдық округінің аналар кеңесінің төрағасы Ұлқан Даирова Уулкан әуезді ән орындап, әдемі көңіл-күй сыйлады. Әрі қарай, оқушыларға осы уақытта өзекті болып жатқан зорлық-зомбылық туралы бейнеролик көрсетіліп, оқушылардың пікірін тыңдап өтті. Келесі сөз, аналар кеңесінің мүшелерінің ұйымдасуымен қоғамда болып жатқан мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстарын атап өтті. Әрі қарай, зорлық-зомбылықтың өмірде болдырмау мақсатында оқушылармен түрлі логикалық ойындар ойнатылды. Жиынның соңында аналар кеңесінің мүшелері тарапынан оқушыларға әдемі сыйлықтар тарту етілді. Осы іс-шараға демеуші болып, белсенділік танытқан «Ертөстік» балабақшасының меңгерушісі Зағира Тілешоваға аудандық аналар кеңесінің төрайымы және мүшелерінің атынан үлкен алғыстарын .
Ауқымды өткізілген іс-шараның соңында үлгілі ардагер-педагог, Ойтал ауылдық округінің аналар кеңесінің төрағасы Ырзакүл Рай ханымды аудандық «Меркі тынысы» газетінің бас редакторы Нұралиев Әлихан Атыханұлының бастауымен және ұжымның атынан газетімізге өзінің үлесін қосып, түрлі ауқымды мақалаларын жариялап, іс-шаралардың өтуіне белсенділік танытып жүргеніне байланысты алғыс білдіре отырып «Алғыс хат» және сыйлықтармен марапаттады.