Абайын ардақтаған Ақермен

0 8

Жақында Ақермен ауылының мәдениет үйінде Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған әдеби-өнер байқауы болып өтті.

Бұл іс-шараны ұйымдастыруға Ақер­мен ауылдық округінің әкімдігі, Ә.Хасенов атындағы №11 ЖОББМ ұжымы, ардагерлер алқасы, «Ақбастау әжелер» тобы және мәдениет үйінің қызметкерлері ұйытқы болды. Бұл аса маңызды тәрбиелік мәні зор әдеби-өнер мерекесін өткізуге екі айдан астам дайындық жұмыстары жүргізілді. Сынып жетекшілер, әдебиет пәнінің мұғалімдері, кітапханашылар айтарлықтай еңбектенді. Негізгі дайындық жұмыстары мектеп оқушылары арсында жүргізілді. Олар Абайдың өмірбаянымен кең көлемде танысып, өлеңдері мен қара сөздерін жаттап, мазмұн-мағынасын талдап, бір-біріне сұрақ қойып, одан ғибрат алуға, болашақ өмірлеріне тірек етуге ұмтылды.

Мектепішілік байқаудың нәтижесінде Абайдың 180 жылдық мерейтойына арналған әдеби-өнер байқауына қатысуға 7«а», 7«ә», 7«б», 8«а», 8«б», 9«а», 9«ә», 10«а», 10«ә» сыныптары мүмкіндік алды. 21-қазан күні мәдениет үйінің алды XIX ғасырдың 70-80 ж.ж қазақ ауылынан еш айнымайтындай безендірілген. Ақшаңқай киіз үй, пісіп жатқан күбі, қайнап жатқан қазан мен самаурын, ши тоқылып, киіз басылып жатты. Қазақ үйге бас сұққанымызда төрде отырған Құнанбайдың бала Абайға ақыл-кеңес беріп отырғаны аса әсерлі шыққан. Ауданнан, ауылдан келген конақтарға ұлттық дәмдер ұсынылып жатты, қазақша киінген қыз-келіншектер, әжелер көпшіліктің көңілі үшін барын салуда. Осы керемет көрініс пен қонақтарға арналған дәм-тұздар мәдениет үйінің меңгерушісімен бірге «Ақбастау әжелер» тобының еңбегінің арқасында іске асты. Белгіленген уақытта қонақтар мен көрермендер ішке шақырылды. 400 адамға арналған залда ине шаншыр жер жоқ, сахнаның төрінде Абайдың керемет суреті мен қайсар қазақтың керемет табиғат көрінісі бейнеленген билборд ілінген. Абайдың 180-жылдығына арналған әдеби-өнер байқауын мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мәдина Қоңырбаева және Бексұлтан, Аяла, Ақзер, Ұлбике атты оқушылар жүргізді. Алғаш сөз алған округ әкімі Ғани Байдаулетов қатысушыларды мерекемен шын жү­ректен құттықтап, хәкім Абайдың ұлы ақын, композитор, аудармашы әрі қоғам қайраткері екеніне жан-жақты тоқталып, осы әдеби-өнер байқауына қатысушы оқушыларға сәттілік тіледі.

Ақсақалдар алқасының төрағасы Нұржан Жұманұлы «Жан жарасы жазыл­маған ойшыл» тақырыбында баяндама жасады. Мектеп директоры Рахат Сейітқазиев Абай туралы толғанысын жақсы жеткізді. Мадина Қоңырбаева сынақ алдында әділқазы алқа мүшелерімен таныстырды, олар аудандық ақсақалдар алқасы төрағасының орынбасары М.Жұматаев, төраға аудандық «Аманат» партиясының төрағасы Г.Шағатаева, аудандық білім бөлімінің әдіскері З.Досмуханбетова, ардагер ұстаздар ұйымының төрағасы С.Бопиева, Меркі ау­даны «Халық банкінің» басшысы Аужан Мамедов, еңбек ардагерле рі, бұрынғы Ақермен ауылдық округінің әкімдері Алпыс Сатыбалдиев, Өсер Әденов.
Жарыстың мазмұны:

Абайға арналған арнау сөз, Абайдың өлеңдерін орындау, Абайдың аудармасы,
Абайдың қара сөздері, Абайдың ән­дерін орындау және сұрақ-жауап.

Әр сыныпқа 12 минут уақыттан берілді. Жарыс барысында оқушылардың аса тыңғылықты дайындығы, Абай өлеңдері мен қара сөздерінің мән-мағынасын ашуы көпшілікті тәнті етті. Ал, Абай әндерін орындау барысында залдағы көрермендер өздерінің қалай қосылып кеткенін байқамай да қалды. Әдеби-өнер байқауынан кейін мектеп әншілері мен күйшілері бір сағаттан аса концерт берді. Абай әндерімен қатар, «Атамекен», «Қазақ елі» әндері шырқалып, күмбірлеген күйлер орындалды. Әділқазылар алқасы сахнаға шығып өз әсерлерімен бөлісті. М.Жұматаев, С.Бопиева, А.Мамедов, тағы басқа алқа мүшелері сөйлеп іс-шараға өте жоғары баға беріп, ұйымдастырушыларға, мектеп мұғалімдері мен оқушыларға алғыстарын жаудырды. Әділқазылар алқасының мүшелері жеңімпаздарды және ерекше көзге түскен оқушыларды аудан әкімінің, мәслихаттың, «Аманат» партиясының, аудандық ардагерлер ұйымының алғыс хаттарымен марапаттады. Әділқазылар алқасының шешімі бойынша:

1-орын 10 «а» сыныпқа, жетекшісі – З.Шорғын, 2-орын 10 «ә» сыныпқа, жетешісі – В.Аденова, 3-орын 9 «ә» сыныпқа, жетекшісі – Қ.Құлданбекова берілді. Сондай-ақ, әділ қазылар алқасы осы байқауда ерекше көзге түскен-Тұрсын Нұриланы, Повеляйкин Тимурды, Ізбасар Айсананы, Әшімқұл Құралайды арнайы мадақтау қағазымен марапаттап, бағалы сыйлықтар тапсырды.
Сонымен, хәкім Абайдың әдеби-өнер байқауына қатысқан барлық оқушыларға ақынның кітаптары сыйлыққа берілді.

Әділқазылар әдеби-өнер байқауын жүргізген Бексұлтан, Аяла, Ақзер, Ұлбике атты оқушыларға ризашылықтарын білдірді. Осындай тәрбиелік тағылы мол іс-шараны өткізуге демеушілік жасаған Мұратбек Сырлыбаев, Аужан Мамедов, Ақан Сәрсенбиев мырзаға, Алпыс Сатыбалдиев, Олжабек Қосубаев, Өсер Әденов, қоғамдық кеңестің төрағасы Әли Нұрланов және Абай атамыздың тікелей ұрпағы Смағұлов Серік Іргебайұлы мырзаға алғысымыз шексіз.

Түйін:
Қазақтан ең бір ұлы ұлын аялап, ардақты Абай атаған. Абай ұлы ақын, қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы, композитор, аудармашы, философ һәм қоғам қайраткері Абай – қазақ поэзиясындағы ең бір трагедиялық тұлға. Ол жарасы жазылмай кеткен ойшыл. Абай халқын оянуға, жан тірлігіне, қалғымайтын намысқа, үздіксіз рухани еңбекке шақырады. Егер әрбір жасөспірім бала күнінен Абайды оқып, жаттап, зерделесе, одан тағлым алса өзіңіздің де елініңде болашағы жарқын болатынына еш күмән жоқ.