Өңірде профилактикалық жұмыс күшейді

0 6

Ауданда кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және олардың қауіпсіз ортасын қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында аудан прокуратурасы білім беру ұйымдарында арнайы профилактикалық кездесулерді бастап кетті.

Аталған іс-шара аясында аудан прокуроры Д.Алдабергенов, аудан әкімі Е. Жиенқұлов және мобильді топ мүшелері бірнеше мектепке арнайы барып, оқушылармен ашық форматтағы сұқбат өрбітті. Жиын барысында балалардың құқықтары, олардың қоғам алдындағы жауапкершілігі және заңға бағынудың маңызы жан-жақты түсіндірілді.

Кездесудің басты өзегі – бул­линг, бопсалау, кәмелетке тол­ма­ғандарға қатысты жасалатын құқық­бұзушылықтардың алдын алу. Сонымен қатар, жастардың түнгі уақытта заңды өкілсіз көшеде жүруіне жол бер­меу, олардың қауіпсіздігін арттыру мәселелері де кеңінен талқыланды.

Іс-шарада мамандар оқушылармен еркін әңгімелесу арқылы олардың ой-пікірі мен ұсыныстарын тыңдап, құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша нақты мысалдар келтірді. Мұғалімдер мен ата-аналарға да бала тәрбиесіндегі құқықтық мәдениетті көтеру бағытында бірқатар ұсыныстар берілді.
Аудан прокуратурасы мобильді топ­пен бірлесе отырып, бұл бағыттағы жұмыстардың алдағы уақытта да тұрақты түрде жүргізілетінін атап өтті. Себебі, бүгінгі жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығы – ертеңгі қоғамның қауіп­сіздігі мен тұрақтылығының негізгі кепілі.

Меркі ауданында атқарылып жатқан бұл бастама – балалардың жан-жақты дамуы мен тәрбиелі ортада еркін өсуіне жасалған маңызды қадам болып отыр.