Құқықтық сауаттылық – маңызды шара

0 15

Ауданда балалардың құқықтарын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында кешенді шаралар қолға алынды.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөнін­дегі арнайы жұмысшы топ құрылып, бүгінде аудан мектептерінде жүйелі түрде түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Аталған топтың құрамында аудан әкімінің орынбасары Мейірхан Өмірбек, аудандық білім бөлімінің бас­шысы Зауре Абдрасилова, аудандық прокуратураның аға прокуроры Хиса Әжімбеков, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, ор­талық аурухананың өкілдері мен меди­циналық мамандар бар.
Жұмысшы топтың мүшелері бүгін ауданның бірнеше білім ордаларында — Асанбай Асқаров атындағы мектеп-гимназиясында, Иван Трубицын атындағы №17 мектеп-гимназиясында, сондай-ақ, Тұрар Рысқұлов атындағы №20 және №44 жалпы білім беретін мектептерінде жоғары сынып оқушыларымен кезде­сулер өткізді.

Кездесулер барысында оқушыларға өз құқықтары мен міндеттерін білу, заңды құрметтеу, әділдік пен жауапкершілік сезімін қалыптастырудың маңыздылығы түсіндірілді. Мамандар балалардың құ­қықтық сауаттылығын арттыру — олардың өз құқықтарын қорғай білуіне, қоғамда белсенді әрі саналы азамат болып қа­лыптасуына жол ашатынын атап өтті.

Сонымен қатар, жұмысшы топ мек­тептердегі қауіпсіздік шараларын, асха­налардың жұмысын, материалдық-тех­никалық базаны және медициналық кабинеттердің жағдайын да зерделеді. Әр оқу орнында оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстардың сапасына назар аударылды.

Аудан әкімдігі мен білім бөлімі бірлесіп, алдағы уақытта да мұндай кез­десулерді тұрақты өткізіп, жастардың құқықтық мәдениетін дамытуға ерекше мән бермек.