Аудан әкімі Жиенқұлов Ербол Жұмабекұлының Ұстаздар күні мерекесімен құттықтауы

0 12

Құрметті ұстаздар, білім саласының ардагерлері мен қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз – адам өміріндегі ең қадірлі, ең қасиетті тұлға. Ұстаз – ұрпақтың шамшырағы, елдің ертеңін қалыптастыратын рухани сәуле. Сіздердің әрбір берген біліміңіз, айтқан сөзіңіз, көрсеткен үлгіңіз – жас буынның жүрегінде із қалдырып, болашағына бағыт-бағдар береді.
Ұстаздар күні – бұл тек білім са­ласының ғана емес, бүкіл қоғамның ұстазға деген шынайы құрметін білдіретін ерекше күн. Бұл – елдің ертеңін тәрбиелеп отырған сіздердің еңбектеріңізге тағзым ететін күн.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалім – адам тәрбиелейтін ең абыройлы мамандық, ұстаздың мәр­тебесін көтеру – мемлекеттің басты мін­деті екенін үнемі айтып келеді. Осы бағытта соңғы жылдары елімізде мұғалім­дердің әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша нақты қадамдар жасалды. Ұстаздардың еңбекақысы елеулі түрде артты, олардың кәсіби дамуына, мәртебесін көтеруге ерекше көңіл бөлінуде. Бұл – ұстаз еңбегіне берілген әділ баға.
«Ұстаз – ұлы есім», «Ұстаздан үлкен тұлға жоқ» деген халық даналығы сіздердің қоғамдағы орныңызды айқын көрсетеді. Сіздер – тек білім беруші ғана емес, елдің болашағын қалыптастырушы, рухани тәрбиеші, адамгершілік пен парасаттылықтың үлгісі болып келесіздер.
Меркі ауданының білім саласында еңбек етіп жүрген әрбір ұстазға алғысымды білдіремін. Сіздердің қа­жырлы еңбектеріңіз, адал қызмет­теріңіз – ауданымыздың дамуына, ұрпақ тәрбиесіне қосқан өлшеусіз үлес.
Сіздерге зор денсаулық, шығар­ма­шылық шабыт, отбасы амандығы мен шәкірттеріңіздің құрметіне бөлене беру­леріңізді тілеймін. Еңбектеріңіз жана берсін, мерейлеріңіз үстем болсын!
Мерекелеріңізбен, құрметті ұстаздар!