Тарихи кезеңде талай жетістіктерге жетіп, «тар жол, тайғақ кешуді» де бастан өткерген ел халқы үшін татулық, бірлік, ынтымақтастықтың орны бөлек. Егемендік алған ширек ғасырдан астам уақыт ішінде осы қастерлі ұғымды көздің қарашығындай сақтап келеді. Бүгінде Қазақстан әлемдегі саяси тұрақтылығы бекем елдердің бірі. Елімізде 100-ден жуық этнос өкілдері достықтың буынын бекітіп, татулықты ту етіп ұстауда. Елімізде тұрып жатқан әр этнос өкілі келешек ұрпағымыз үшін этносаралық достықтың, конфессияаралық түсіністіктің қаймағы бұзылмауына еңбек етіп, өз үлестерін қосуда.
Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, алдыңғы қатарлы дамыған елдердің барлығы этносаралық татулық пен келісімнің арқасында аталған жетістіктерге жетуде. Бір ту астында бір атаның баласында тату-тәтті ғұмыр кешкен қазақстандықтар да тура жолмен жарқын болашаққа қадам басуда. Тәуелсіздігін жаңа алып, тәй-тәй басқан жас мемлекет үшін бұл – үлкен жетістік.
Сондықтан болар, этносаралық татулық, конфессияаралық келісім мәселесі ешқашан күн тәртібінен түскен емес. Мемлекет дамуының басты қағидаты ретінде үлкен маңызға ие.
Бақторазов Сейдахан Уәлиұлы, Тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі