Аудан басшысы «ZETA» кәсіпорнының тыныс-тіршілігімен танысты

0 21

Меркі ауданында индустриялық-инно­вациялық бағыттағы ірі жобалардың бірі – «ZETA» кәсіпорнына аудан әкімі Ербол Жиенқұлов арнайы барып, өндіріс орнының бүгінгі жағдайымен танысты.

2023 жылы іске қосылған кәсіпорын қысқа уақыт ішінде өндірістік әлеуетін арттырып, түрлі металл бұйымдарын шығарумен айналысып келеді. Бүгінде заманауи құрал-жабдықтармен жарақ­талған «ZETA» – өңіріміздегі қарқынды дамып келе жатқан өндіріс ошақтарының бірі.

Қазіргі таңда кәсіпорында 50-ге жуық жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. Бұл – бір жағынан ауданымыздағы еңбек нарығын тұрақ­тандыруға, екінші жағынан отан­дық өндіріс пен ішкі нарықты сапалы өніммен қамтамасыз етуге үлес қосып отырған көрсеткіш.

Аудан әкімі өндіріс цехын аралап, шығарылып жатқан өнімдердің үл­гілерімен танысты. Жұмысшылармен пікір алмасып, олардың жұмыс жағдайын көзбен көрген Ербол Бекмырзаұлы кәсіпорын ұжымының еңбекқорлығына ерекше тоқталды.

– «ZETA» – ауданымыздың өндірістік әлеуетін арттырып отырған маңызды кәсіпорын. Мұндай бастамалар ар­қылы жаңа жұмыс орындары ашы­лып, тұрғындардың тұрмыс сапасы жақсарады. Аудан әкімдігі шағын және орта бизнесті әрдайым қолдауға әзір, – деді аудан басшысы.
Кездесу барысында кәсіпорын басшылығымен өндірістік қуатты арт­тыру, өнім түрлерін көбейту және экспорттық бағыттағы жұмыстарды дамыту мәселелері де талқыланды.

«ZETA» кәсіпорны – жаңа заман талаптарына сай жұмыс істейтін, жаңа­шылдықты серік еткен өндіріс орны. Мұндай жобалар аудан экономикасына тың серпін беріп, өңіріміздің индус­триялық-инновациялық дамуына оң әсерін тигізетіні сөзсіз.