Аптаның ортасы – сәрсенбі күні аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында сегізінші шақырылған Меркі аудандық мәслихатының кезекті қырық екінші сессиясы болып өтті.
Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Ернар Әбілдаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Мұратбек Көкірекбаев, мәслихат депутаттары, ауылдық округтердің әкімдері, тиісті бөлім мен мекеме-ұжымдардың басшылары, сонымен қатар, Жамбыл облыстық тексеру комиссиясының мүшесі Ілияс Төлемісов онлайн форматында қатысты.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының бірлескен отырысынан кейін кезекті сессия өз жұмысын бастады.
Сессияның күн тәртібіндегі барлығы 7 мәселенің алғашқысы – «2024 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы туралы» аудан әкімдігі қаржы бөлімінің бас маманы Д.Дорбабаева мен Жамбыл облыстық тексеру комиссиясының мүшесі Ілияс Төлемісов баяндаса, «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасының Меркі ауданы аумағында іске асыру барысы мен денсаулық сақтау жүйесінің сапасын арттыру бағытында 2024 жылы және есепті мерзімде атқарылған жұмыстар туралы» аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің экономикалық және әкімшілік ісі жөніндегі орынбасары Мадияр Алмабаев пен аудандық мәслихаттың депутаты Күлайым Шағатаева баяндама жасады.
«Аудан әкімдігінің тұрғын үй комиссиясының құрамын бекіту туралы» және «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындайтын арнайы комиссия құрамын бекіту туралы» аудан әкімінің орынбасары Ернар Әбілдаев баяндады.
«Меркі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 31-наурыздағы №40-4 шешімінің күшін жою туралы», сонымен қатар, «Меркі ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нұржан Төлебаев баяндаса, «Меркі ауданының ауылдық елді мекендерге 2025 жылы жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін бекіту туралы» соңғы 7 мәселе бойынша аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Абылай Ахметжанов хабардар етті.
Күн тәртібінде аталған мәселелер бойынша мәслихат депутаттары тарапынан толық дауыс беріліп, кезекті сессия өз жұмысын аяқтады.