Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

0 28

Меркі ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай тағылымды шара өтті.

Аудан орталығында орналасқан Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, ерлікпен қаза тапқандардың рухына тағзым жасалды.

Шараға аудан әкімі Ербол Жиенқұлов, аудандық мәслихат төрағасы Мұратбек Көкірекбаев, ардагерлер кеңесінің мү­шелері мен тұрғындар қатысты.

Салтанатты рәсім барысында бір минут үнсіздік жарияланып, майдангерлерге құрмет көрсетілді.

Бұл – өткенге тағзым, ерлікке құрмет, елдікке тағылым болған елеулі оқиға.