Құрметті меркіліктер!
Сіздерді 1-наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – еліміздегі бейбітшілік пен бірлікті, өзара сыйластық пен татулықты дәріптейтін ерекше күн. Тарих толқынында тағдыр тоғыстырған түрлі этнос өкілдері бір тудың астында бірігіп, қазақ жерін ортақ Отанымызға айналдырды. Қазақ халқының бауырмалдығы мен кеңпейілдігі әрдайым өзге ұлт өкілдерінің алғысына бөленіп, татулық пен тұрақтылықтың үлгісіне айналды.
Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығымен тұспа-тұс келген бұл мереке – еліміздің ынтымағы мен бірлігін одан әрі нығайтуға, ортақ құндылықтарды дәріптеуге мүмкіндік беретін маңызды күн. Ассамблея құрылғаннан бері еліміздегі ұлттар достығын нығайтуда, этносаралық келісімді сақтауда маңызды рөл атқарып келеді.
Меркі ауданы – көпұлтты, достық пен татулықтың құндылықтарын берік ұстанған өлке. Бірлігі бекем елдің болашағы жарқын болмақ. Бірлігіміз артып, елдігіміз нығая берсін!
Алғыс айту күні құтты болсын!