Аудан әкімі Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы Жамбыл облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің медиа алаңында БАҚ өкілдерімен брифинг өткізді. Аудан әкімі брифингте Меркі ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары, қаңтар-қазан айлары бойынша атқарылған жұмыстар нәтижесі төмендегі көрсеткіштермен сипатталады.
2024 жылдың қаңтар-қазан айларында өнеркәсіп кәсіпорындарымен 12223,6 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, НКИ 102,6%-ды құрады (2023 жылы 15235,1 млн. теңге, НКИ – 67,0%).
Оның ішінде: тау-кен өндіру өнеркәсібі – 159,5 млн. теңге (НКИ – 98,9%), өңдеу өнеркәсібі – 10980,9 млн. теңге (НКИ – 102,0%), электр энергиясымен жабдықтау – 807,4 млн. теңге (НКИ – 205,0%), сумен жабдықтау – 275,6 млн. теңге (НКИ – 89,4%).
2024 жылдың қаңтар-қазан айларында ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 36600,8 млн. теңгені немесе НКИ 100,0%-ды құрады (2023 жылы 43979,8 млн. теңге, НКИ – 92,3%).
Оның ішінде: өсімдік шаруашылығы бойынша 27172,0 млн. теңгеге өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 99,6% құрады (2023 жылы 29793,2 млн. теңге, НКИ – 88,8%).
Мал шаруашылығы бойынша 9370,5 млн. теңгеге өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 101,1 % құрады (2023 жылы 14181,2 млн. теңге, НКИ-101,4 %).
Есепті кезеңде мүйізді ірі қара 2 мың 148 басқа (40606 бас, 105,6%), қой-ешкі – 24 мың 673 басқа (313747 бас, 108,5%) өсіп, жылқы – 1059 басқа (16161 бас 93,9 %), түйе – 33 басқа (120 бас, 72,5 %), құс – 18 мың 730 басқа (48599 бас, 72,2 %) кеміді.
Есепті кезеңде 16586,7 тонна сүт (2023 жылы – 16420,3 тн.), 4726,7 тонна ет (2023 жылы – 4698,2 тн.), 1445,8 мың/дана жұмыртқа (2023 жылы – 1445,3 мың/дана) өндірілді. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өндірілген сүт 166,4 тоннаға, ет 28,5 тоннаға жұмыртқа 0,5 мың/данаға өскен.
2024 жылдың қаңтар-қазан айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 23626,2 млн. теңгені немесе НКИ 131,0%-ды құрады (2023 жылы 17600,5 млн. теңге, НКИ – 127,9%).
Оның ішінде: бюджеттік қаражаты есебінен салынған инвестиция көлемі 7223,6 млн. теңге (2023 жылы – 3619,2 млн. теңге), жеке және қарыз қаражаты есебінен салынған инвестиция көлемі – 16402,5 млн. теңге (2023 жылы – 13969,2 млн. теңге).
Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда бюджеттік инвестициялар 2,0 есеге, жеке және қарыз қаражаты есебінен салынған инвестициялар көлемі 17,4 %-ға өскен.
2024 жылдың қаңтар-қазан айларында құрылыс жұмыстарының көлемі 17603,2 млн. теңгені немесе НКИ 158,2 %-ды құрады (2023 жылы 9645,9 млн. теңге, НКИ – 97,7%).
2024 жылдың қаңтар-қазан айларында пайдалануға берілген тұрғын үй аумағы 42526 шаршы метрді немесе 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,7%-ды құрады (2023 жылы 41831 шаршы метр, НКИ – 101,4%).
2024 жылдың қаңтар-қазан айларында бөлшек сауда айналымының көлемі 16114,2 млн. теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 115,9%-ды құрады (2023 жылы 13202,2 млн. теңге, НКИ – 101,9%).
2024 жылдың қаңтар-қазан айларында аудан бюджетінің кіріс бөлігі бойынша жоспардағы 10963,2 млн. теңгенің орнына 9610,9 млн. теңге түсіп, 87,7%-ға орындалды.
Меншікті кірістер бойынша жоспардағы 4038,3 млн. теңгенің орнына 4132,8 млн. теңге түсіп, 102,3%-ға орындалды, 94,5 млн. теңге жоспардан артық түскен. (2023 жылдың сәйкесінше мерзімімен салыстырғанда, меншікті кірістердің өсімі 100,3%-ды құрап, 11,6 млн. теңгеге артқан.)
Аудан бюджетінің шығыс бөлігі жоспардағы 11492,1 млн. теңгенің орнына 9847,4 млн. теңгесі игеріліп, 85,7 %-ға орындалды немесе игерілмеген қаражат 1644,7 млн. теңге.
Ауданда 2024 жылы атқарылатын жұмыстар туралы ақпарат:
1. Білім саласы бойынша 2 мектептің құрылысын жүргізуге және 2 мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге – 1925,6 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде:
– Ойтал ауылындағы №48 орта мектепке 200 орындық қосымша ғимарат және спорт залының құрылысына – 454,2 млн. теңге бөлінді. (2023 жылы – 279,3 млн. теңге). Құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды. Қабылдау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
– Андас батыр ауылындағы мектепке 150 орындық қосымша ғимарат құрылысына – 446,5 млн. теңге бөлінді. (2023 жылы – 217,7 млн. теңге). Құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр, қазіргі уақытта 80 пайызға аяқталған. Жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарда.
– Ақтоған ауылындағы №4 орта мектеп ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарына – 493,4 млн. теңге бөлінді. Күрделі жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді.
– Мыңқазан ауылындағы №30 орта мектеп ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарына – 531,5 млн. теңге бөлінді. Күрделі жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді.
2. Спорт саласы бойынша спорт кешендерінің құрылысына 2024 жылға 2 жобаға – 749,7 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде:
– Андас батыр ауылында спорт кешенінің құрылысына – 464,6 млн. теңге бөлініп, 326,2 млн. теңгесі игерілді. (2023 жылы – 60,0 млн. теңге). Құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр, қазіргі уақытта 85 пайызға аяқталды. Жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарда.
– Сарымолдаев ауылында спорт кешенінің құрылысына – 277,3 млн. теңге бөлініп, 54,7 млн. теңгесі игерілді. (2023 жылы – 112,3 млн. теңге). 22.04.2024 жылы құрылыс жұмыстары аяқталу керек болған. Құрылыс жұмыстары мерзімінен кешігуіне байланысты 10.05.2024 жылы сотқа берілді. Жамбыл облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешіміне сәйкес «Жосықсыз қатысушысы» деп танылды. Соттың шешіміне сәйкес бір жақты келісім-шарт бұзылды.
3. Электрмен жабдықтау бойынша Жауғаш батыр ауылындағы тұрғын үйлерді және Жауғаш батыр, Қаратау шекара заставаларын электрмен жабдықтауға – 900,0 млн. теңге бөлініп, 530,0 млн. теңгесі игерілді. (2023 жылы – 160,0 млн. теңге). Құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.
4. Денсаулық саласы бойынша 3 жобаға – 1952,0 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде:
– Орталық аурухана ғимаратының қабылдау бөлімшесінің қосымша құрылысы мен қайта жаңғырту жұмыстарына – 1260,0 млн. теңге бөлінді. Құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр, қазіргі уақытта 80 пайызға аяқталған. Жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарда.
– Аспара ауылында 40 келушіге арналған дәрігерлік амбулаторияның құрылысына – 406,0 млн. теңге бөлінді. Құрылыс жұмыстары толық аяқталды. Жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарда.
– Т.Рысқұлов ауылында 15 келушіге арналған фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысына – 286,0 млн. теңге бөлінді. Құрылыс жұмыстары аяқталды. Жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарда.
5. Ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша елді мекендерде ауыз су жүйесінің құрылысына және құбырларын жаңартуға республикалық бюджеттен 5 жобаға – 4 450,2 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде:
– Ақтоған ауылында ауыз су жүйесінің құрылысына – 1 111,1 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр, қазіргі уақытта 85 пайызға аяқталған, 2025 жылға өтпелі жоба.
– Ақарал ауылында ауыз су құбырын жаңартуға – 1 006,1 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр, қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары 40 пайызға орындалған, 2025 жылға өтпелі жоба.
– Кеңес ауылында ауыз су жүйесінің құрылысына – 888,9 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр, қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары 80 пайызға орындалған, 2025 жылға өтпелі жоба.
– Сыпатай ауылында ауыз су құбырын жаңартуға – 759,2 млн. теңге бөлініп конкурс тәсілімен сатып алу нәтижесі шықпауына байланысты – 615,0 млн. теңге қаражат респубикалық бюджетке қайтарылды.
Гранитогорск ауылында ауыз су құбырын жаңартуға – 684,8 млн. теңге бөлініп, жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр, қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары 60 пайызға орындалған.
– Меркі шипажайында су құбырларын ауыстырға – 46,5 млн. теңге бөлініп, негізгі жұмыстар аяқталған, мердігер нысанды пайдалануға беру бойынша құжаттар топтамасын жинақтауда.
– Қайыңдысай және Құмарық ауылдарында су құбырларын ағымдағы жөндеу жұмыстарына – 53,5 млн. теңге бөлініп, ағымды жөндеу жұмыстары аяқталған, мердігер нысанды пайдалануға беру бойынша құжаттар топтамасын жинақтауда.
6. Мәдениет саласы бойынша 6 ауылдың мәдениет үйін ағымдағы жөндеу жұмыстарына – 46,5 млн. теңге бөлініп, Кеңес, Тәтті, Ақтоған, Сұрат ауылдық мәдениет үйлерінің ағымды жөндеу жұмыстары аяқталды, Ақарал және Аққайнар ауылдық мәдениет үйлерін жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
7. Жолдарды орташа жөндеу бойынша 74 көшені орташа жөндеу жұмыстарына – 1,55 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде: «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 36 көшені орташа жөндеу жұмыстарына – 897,0 млн. теңге бөлінді:
– Сарымолдаев ауылдық округі 18 көшені орташа жөндеуге – 181,0 млн. теңге бөлініп мемлекттік сатып алу нәтижесінде жеңімпаз болып «Қазақ жолы – 2050» ЖШС-гі анықталды. Келісім-шарт бойынша міндеттерін орындамағаны үшін мердігер «Қазақ жолы – 2050» ЖШС-ін мемлекеттік сатып алудың «Жосықсыз қатысушысы» деп тану үшін заңды шешім шығару туралы 2024 жылдың 13-тамызында №3-2/388 талап-арыз Жамбыл облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жолданды. Қазіргі таңда негізгі мердігер «Қазақ жолы – 2050» ЖШС-гі, қосымша мердігер «Құлан жолдары» ЖШС-гі және тапсырыс беруші ауылдық округ әкімдігі үш жақты келісім-шартқа отырып, орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
– Жамбыл ауылдық округі бойынша 12 көшені орташа жөндеуге 387,6 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу нәтижесінде жеңімпаз болып «КАТСА» ЖШС-гі анықталды. Орташа жөндеу жұмыстары толығымен аяқталады.
– Ақтоған ауылдық округі бойынша 5 көшені орташа жөндеуге 260,3 млн. теңге бөлініп, мемлекттік сатып алу нәтижесінде жеңімпаз болып «Меркі жолдары» ЖШС-гі анықталды. Орташа жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.
– Кеңес ауылдық округінде 1 көшені орташа жөндеуге 68,1 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу нәтижесінде жеңімпаз болып «Меркі жолдары» ЖШС-гі анықталды. Кеңес ауылында ауыз су құбырларын жүргізуіне байланысты көшелерді орташа жөндеу жұмыстары уақытша тоқтатылған. Бүгінгі күнге ауыз су құбырларын жүргізу жұмыстары аяқталды. Орташа жөндеу жұмыстары 80 пайызға аяқталды.
Жергілікті бюджет есебінен 38 көшені орташа жөндеу жұмыстарына – 651,1 млн. теңге бөлінді:
– Ақарал ауылдық округі бойынша 4 көшені орташа жөндеуге 36,9 млн. теңге бөлініп, мемлекттік сатып алу нәтижесінде жеңімпаз болып «Конструкция Темір бетон» ЖШС-гі анықталды. Орташа жөндеу жұмыстары аяқталды.
– Жаңатоған ауылдық округі бойынша 3 көшені орташа жөндеуге 25,9 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу нәтижесінде жеңімпаз болып «Вега» ЖШС-гі анықталды. Орташа жөндеу жұмыстары аяқталды.
– Ойтал ауылдық округі бойынша 10 көшені орташа жөндеуге 71,3 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу нәтижесінде жеңімпаз болып «Меркі жолдары» ЖШС-гі анықталды. Орташа жөндеу жұмыстары аяқталды.
– Меркі ауылдық округі бойынша 6 көшені орташа жөндеуге 111,8 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу нәтижесінде жеңімпаз болып «ҚазАвтоЖол» ЖШС-гі анықталды. Орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, қазіргі уақытта 60 пайызы аяқталды.
– Жамбыл ауылдық округі 2 көшені орташа жөндеуге – 43,0 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу нәтижесінде жеңімпаз болып «ҚазАвтоЖол» ЖШС-гі анықталды. Орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, қазіргі уақытта 50 пайызы аяқталды.
– Тәтті ауылдық округі бойынша 9 көшені орташа жөндеуге 234,6 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу нәтижесінде жеңімпаз болып «ПМК – 109» ЖШС-гі анықталды. Орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
– Кеңес ауылдық округінде 3 көшені орташа жөндеуге – 121,9 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу нәтижесінде жеңімпаз болып «ҚазАвтоЖол» ЖШС-гі анықталды. Орташа жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.
– Ақтоған ауылдық округінде 1 көшені орташа жөндеуге – 5,7 млн. теңге бөлініп, мемлекттік сатып алу нәтижесінде жеңімпаз болып «ҚазАвтоЖол» ЖШС-гі анықталды. Орташа жөндеу жұмыстары аяқталды.
8. Елді мекендерде абаттандыру және жарықтандыру бойынша 13 жобаға – 525,9 млн. теңге бөлінді.
–Ақтоған ауылындағы саябақты абаттандыруға – 193,1 млн. теңге бөлініп, абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр, қазіргі уақытта абаттандыру жұмыстары 65 пайызға орындалған.
– Қазақ дихан ауылындағы саябақтың құрылысына – 51,9 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталды.
– Ойтал ауылы «Достық» саябағын абаттандыруға – 74,3 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу нәтижесінде жеңімпаз болып «Алди и К» ЖШС-гі анықталды. Абаттандыру жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға берілді.
–Кеңес ауылдық саябағын абаттандыруға 33,9 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу нәтижесінде жеңімпаз болып «Бексұлтан Бірлік» ЖШС-гі анықталды. Абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
– Қостоған ауылы, Құлбаев көшесінің бойына жаяу жүргіншілер жолын салуға – 39,1 млн. теңге бөлініп, жұмыстары жүргізіліп жатыр.
– Талдыбұлақ ауылына кіші футбол алаңын салуға – 12,9 млн. теңге бөлініп, жұмыстары жүргізілді, пайдалануға берілді.
–Ойтал ауылына спорт алаңын орналастыру – 25,5 млн. теңге бөлініп, ойын алаңдарын орналастыру жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.
–Меркі ауылында 4 көшені жарықтандыруға – 37,3 млн. теңге бөлініп, жарықтандыру жүргізілді.
–Интернациональное ауылында Сейфуллин көшесін жарықтандыруға 45,4 млн. теңге бөлініп, мердігер анықталды. Жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
– Талдыбұлақ ауылы, Ынтымақ көшесін жарықтандыруға 11,0 млн. теңге бөлініп, жарықтандыру жүргізілді.