Меркі ауданының әкімі Жорабек Баубеков республикалық референдумға қатысып, алғашқылардың бірі болып өз таңдауын жасады.
Аудан әкімі аудан орталығындағы №275 референдум учаскесінде дауыс берді.
Айта кетейік, аудан бойынша 41 референдум учаскесі жұмыс істеуде. Жалпы 53 мыңнан аса меркілік референдумда дауыс беру құқығына ие.