АЭС – энергетикалық тәуелсіздіктің кепілі

0 26

Қазақстан үшін атом энергетикасы − бұл энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз етуге және экологияны жақсартуға бағытталған стратегиялық шешім.

Атом электр станциялары ондаған жылдар бойы тұрақты электр энергиясын өндіруге қабілетті, бұл әсіресе қарқынды дамып келе жатқан экономика үшін өте маңызды. Көмірсутекті энергия көздерінен айырмашылығы атом энергиясы көмірқышқыл газын іс жүзінде шығармайды, бұл оны экологиялық таза етеді.

Бұдан басқа, Қазақстан қазірдің өзінде уранның жетекші әлемдік жеткізушісі болып табылады және бұл ресурсты ішкі қажеттіліктер үшін пайдалану отын импортына тәуелділікті азайтуға және елдің энергетикалық тәуелсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді. Атом станцияларының құрылысы жаңа жұмыс орындарын ашады және инфрақұрылымды жақсартады.

Ринат ЖАНТАЕВ,
Меркі аудандық мемлекеттік архивінің директоры.