12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай «ENBEK BARIN DE JENBEK» жобасы аясында жеке кәсіпкерлерді шақыра отырып аудандық «ММ Меркі» сауда орталығында жәрмеңкелер өтті. Сондай – ақ, жұмыспен қамту және мемлекеттік бағдарламалары бойынша мобильді кеңес беру алаңы өтті.
Кеңестің негізгі міндеттері — азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдем көрсету, қысқа мерзімді кәсіптік оқу бойынша ақпарат ұсыну, әртүрлі мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу және мемлекеттік бағдарламалар аясында жұмысқа орналасуға көмек көрсету болып табылады.
Шараға 50-ге жуық адам қатысып, 18 мекемеден 40-тан астам бос жұмыс орындар ұсынылды.
Сонымен қатар, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Нұрбек Рысбекұлы аудан тұрғындары мен жастарына «Жастарға кеңес», «Еңбек бәрін де жеңбек» жобасының мақсат-міндеттерін айқындады. Жиналған жастарға дін, психология, кәсіпкерлік, жұмысқа орналасу сынды маман иелерінен кеңес алды.
Ұсынылған бос жұмыс орындар бойынша кеңес алу барысында қайтарымсыз грант және әртүрлі бағыттағы мемлекеттік бағдарламалар бойынша 40 — қа жуық азаматқа түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тұрақты жұмыспен 9 азамат қамтамасыз етілді және жеке кәсіпкерлер (бисер тоқу түрлері, лазерлік ою түрлері, қыз жасау, құмыра түрлері және т.б) тарапынан көрме жәрмеңкесі көрсетілді.