Мерейлі Меркі өлкесі

0 31

Жамбыл облысының 85 жылдығына орай Меркі ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен аудандық «Merke radon» шипажайында «Мерейлі меркі өлкесі» атты облыстық спорттық сайыс өтті.

Сайысқа жалпы 9 ауданнан (Жуалы, Жамбыл, Т.Рысқұлов, Қордай, Мойынқұм, Талас, Сарысу, Шу қаласы, Шу ауданы) келген «Жастар ресурстық ортылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері қатысты.

Шараның басты мақсаты – жастар арасында ұлттық спорт түрлерін насихаттау, денсаулық сақтау мен нығайту, жастарды дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, қызметкерлер арасында әріптестік және достық қарым-қатынасты нығайту болып табылады.
Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалған соң, аудан әкімінің орынбасары Өмірбек Мейірхан Азатұлы барша қатысушыларға сәттілік тілеп, салтанатты шараны ашып берді. Содан кейін аудандық Мәдениет үйінің өнерпазы Қуаныш Тұрсынбек Құрмағазының «Адай» күйін орындап берді.
Командалық жарыс 7 кезеңнен тұрды: қой көтеру, қол күрес, дойбы, теннис, бес тас, арқан тартыс, садақ ату.

Марапаттау рәсімі аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Абылай Әзімханұлы және №20 спорт мектебінің директоры Қайсар Бегалиевке ұсынылды.

Тартысты өткен сайыста жүлделі 1-орынды – Т.Рысқұлов, 2-орынды – Шу, 3-орынды – Сарысу аудандары иеленді.

Сонымен қатар, «Үздік шымыр» номинациясымен Нұрсұлтан Айтжанов (Т.Рысқұлов ауданы), «Үздік садақшы» номинациясымен Мойынқұм ауданы, «Үздік қайратты» номинациясымен Мұхамедали Смайлов (Сарысу ауданы), «Үздік күш жігер» номинациясымен Жамбыл ауданы, «Үздік дойбышы» номинациясымен Досжан Тәліп (Шу ауданы), «Үздік теннисші» номинациясымен Марзия Омарова (Шу ауданы), «Үздік бестасшы» номинациясымен Аида Бижанова (Т.Рысқұлов ауданы), «Шымыр» номинациясымен Мадияр Ізбасар (Қордай ауданы) марапатталып, жеңімпаздар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтар табыстады.